Ответ.
Задать вопрос!
Вход Регистрация
Задать вопрос!
Все категории
  • Фотография и видеосъемка
  • Знания
  • Другое
  • Гороскопы, магия, гадания
  • Общество и политика
  • Образование
  • Путешествия и туризм
  • Искусство и культура
  • Города и страны
  • Строительство и ремонт
  • Работа и карьера
  • Спорт
  • Стиль и красота
  • Юридическая консультация
  • Компьютеры и интернет
  • Товары и услуги
  • Темы для взрослых
  • Семья и дом
  • Животные и растения
  • Еда и кулинария
  • Здоровье и медицина
  • Авто и мото
  • Бизнес и финансы
  • Философия, непознанное
  • Досуг и развлечения
  • Знакомства, любовь, отношения
  • Наука и техника
Molo4koO
6 лет назад
9

Плизз Эссе "Әлеуметтік желінің әлегі" Дискриптор 1.Эссе құрылымы(басы,ортасы,аяғы) 2.Аргумент(мысал.Яғни бір адамның айтқан сөзі

Плизз
Эссе
"Әлеуметтік желінің әлегі"

Дискриптор
1.Эссе құрылымы(басы,ортасы,аяғы)
2.Аргумент(мысал.Яғни бір адамның айтқан сөзін мысал қылуға болады)
3.Көзқарас(өз ойы)
4.Орфографиялық,пунктуациялық нормалар
20 балл
Знания
Қазақ тiлi
1 ответ:
гала6 лет назад
0 0

Ответ:

Қазіргі қарыштап дамыған заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу өте қиын. Осы күні қолымыздағы ұялы телефонымыз өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Алыстағы жақынымызбен хат-хабар алысу үшін, керекті ақпараттармен сусындау үшін, бос уақытымызды тиімді өткізу үшін телефонның пайдасы орасан зор екені сөзсіз. Алайда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, пайдалы ақпараттармен таныстырған бұл құрылғының зияны да жоқ емес. Денсаулыққа тигізер зардабын айтпағанның өзінде, алтыннан қымбат уақытымызды ұрлаған әлеуметтік желінің әлегі шаш етектен.

Ең алдымен әлеуметтік желі деген не? Осыны анықтап алсақ. Әлеуметтік желі- миллиардтаған адамдардың күнделікті жаңалықтарымен бөлісіп, хат-хабар алысатын сайттар бірлестігі. Ол адамдарды өзіне тәуелді етеді, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен алыстатып, виртуалдылыққа жетелейді. Әлеуметтік желіде өз пікірін айтып үйреніп қалған адамның өзгелермен сұхбаттасуы, ойын толық жеткізе отырып, сөйлесуі қиын болады.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл - әлеуметтік желідегі қазақ тілінің жағдайы. «Ұялы телефонымдағы пернетақтада қазақ тілі жоқ» деген сылтаумен қаншама қолданушы төл әріптерімізді орыс тілінің әріптері арқылы жазып жүр. Онымен қоса сөздерді барынша қысқартып жазады. Осылай жалғаса берсе ана тіліміздің қоғамдағы орны төмендейтіні анық.

Онымен қоса қазіргі кезде осы желіде таралып жатқан «өлім ойындары» да желінің зиянды жақтарының қатарын толықтырып тұр. Осы ойынның құрсауына түсіп, өз өмірлерін қиып жатқан өзіммен қатар жасөспірімдер туралы естігенде көңілім қатты түседі. Олар әлгіндей әлеуметтік желінің қолданушылары болмағанда әлі де арамызда жүрер ме еді...

Негізінен желілердің белсенді қолданушылары жасөспірімдер мен жоғарғы оқу орындарының оқушылары болып табылады. Мен де осы әлеуметтік желінің қолданушысымын. Онда тіркеліп, қолдана бастағанымнан-ақ байқағаным, уақытымның көбін құр босқа жібереді екенмін. Жай бір шолып шығайын дегеннің өзінде, минуттардың қалай сағаттарға айналғанын байқамай қалатынмын. Мұны әлеуметтік желінің қолданушылары жақсы түсінеді деп ойлаймын. Осыны ойлап, кейіннен өзіме әлеуметтік желі үшін күніне шектеулі уақытты белгіледім. Сол уақытта ғана осы желіде отырсам, қалғанын пайдалы істер мен жақсылық жасауға бөле бастадым. «Әлеуметтік желінің қолданушылары не істейді? Оның бізге қандай пайдасы бар?» - осы сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Жеке мен үшін оның пайдасы - желідегі әртүрлі топтардан қажетті ақпараттарды аламын, керегін күнделікті тұрмыста, білімімді жетілдіруге пайдаланамын. Сенімсіз ойындар байқасам олар туралы үлкендермен талқылаймын.

Арамыздағы кейбір қолданушылар өз уақыттарын бос «лайк» жинаумен, жаңалықтар лентасын парақтаумен, пікір айтушылардың жазғанын оқумен немесе «Хат келген шығар?», «Оның постын жіберіп алсам ше?», «Инстаграмдағы жаңа суреттерді көрейін» деген пайдасыз ойлармен өткізеді. Осындайда құрбы-құрдастарыма айтарым, өз уақытымызды керексіз дүниелерге емес, пайдалы істерге арнайтын болсақ, өзгелермен білгенімізді бөліссек ұтылмасымыз анық.

Иә, әлеуметтік желінің зияны туралы қанша айтсақ та, оның қолдану аясын шектей алмайтындығымыз белгілі. Оның үстіне, желілердің қолданушылары күн санап артып келеді. Осылайша виртуалды өмірден алшақтамайтындардың саны көбеймесе, азаяр емес. Ең бастысы желіні сауатты пайдаланып, қолдану барысында тек пайдалы жақтарын қарап, шектен шықпауды ойлаған жөн деп санаймын.

Читайте также
Перевод: Сен жексенбіде қонақ шақыр. Қонақтарды үйге кіргіз. Қонақтарға сусындарды бер. Қымыздың дəмін татсын.
Виталий Дмитриевич
Ты в воскресенье позови гостей.Гостей заведи домой.Гостям дай напитки.Пусть попробуют кумыс.
0 0
1 год назад
Прочитать ещё 2 ответа
Жуан буынды сөзді табыңыз. А. Шағала в. Көбелек С. ЕңбекD. ӨсімдікЕ. Өндіріс
Лилия Михайловна ...
Правильный ответ - А
0 0
5 лет назад
СРОЧНО!!! СОР по каз яз! плиз помогити! всё сделать надо!
Лещенко Валентина

1.33 2.дурыс,барыс,дурыс

Сори только это

0 0
3 года назад
Камкорлык туралы макал керек
olgupik
<span> Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.</span>
0 0
5 лет назад
Астана - экономика шарыктаган кала сипаттамалык эссе
Дмитрий Романович [1]

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты.Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады

0 0
3 года назад
Смотрите также:
  • Отведте на вопрос пож срочно
    10·1 ответ
  • Помогите написать сочинение на казахском языке "Бiздiн мектеп" кто напишет самое большое и хорошее сочинение на сегодня отмечу л
    15·1 ответ
  • Помогите пожалуйста даю16 ​
    13·1 ответ
  • Разговор как аксакал говорит благославление на казахском языке за столом 5 6 предлодегий
    7·1 ответ
  • Диалог на казахксом про Дәрігер
    14·1 ответ
  • Сочинение на тему защита экологии на казахском языке 10 предложений пожалуйста
    11·1 ответ
  • Схема тауелдык жалхау
    5·1 ответ
  • Спешите слова в табличку просты сложные и т.д если текст не понятен напишите мне
    7·1 ответ
  • Одағай сөздің тыныс белгісі
    13·1 ответ
  • Помогите пожалуйста .
    7·1 ответ
Добавить ответ
Вход
Не зарегистрированы? Пройти быструю регистрацию
Регистрация
Вход Регистрация
Задать вопрос!